2024 жылдың Ақпан айы Құралай екеуміз Ғ.Мүсірепов атындағы театрдың қойылымына келдік. Бұл қойылым екі адамның арасындағы сезімдерді айқындайтын ерекше сәт еді. Осыған дейін Құралайдың маған деген, сезімдері туралы екі түрлі ойда болдым. Бірақ менде уақыт өте оған деген сезімдерім ашылып арта түсті. Сол бір қойылымда Құралайдың қолынан ұстау арқылы оның сезімдерін біле аламын деген ой келіп, соған барынша дайындалдым. Дайындалуымның себебі, осындай көркіне ақылы сай қызбен бірге болуымыз, мен үшін түс секілді көрінді. Сонымен қойылым басталды. Қойылымның ортасына қарай жоспарыма көшуге бет алдым. Сол бір сәтте әр кез өзіне сенімді Санатбек, сенімділігін жоғалтып алғандай болды. Іштей ойыммен күресіп, ақыр соңында ұстаймын деген шешімге келдім. Ұстауға тырысқаныммен қорқыныш тұла бойымды жұта берді. Соңында 9 мәрте талпынып,соңғы мүмкіндікте дегеніме жеттім. Сол кездегі сезімді айтып жеткізу мүмкін емес. Сол сәттен бастап арамызда ұшқын пайда болып, бүгінгі күнге дейін жеттік.